Қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына көмек жинайтын бірыңғай қор белгіленді
Маңғыстау облысында қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына қосымша материалдық көмек көрсету үшін бірыңғай оператор белгіленді. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады.
Астана, NEGE. Облыс әкімдігі азаматтардан, бизнес өкілдері мен ұйымдардан көмек көрсету туралы көптеген өтініш түскенін хабарлады. Қаражат жинау процесін жүйелеу, көмек көрсетудің бірыңғай ресми тетігін қамтамасыз ету және алаяқтық әрекеттердің алдын алу мақсатында бірыңғай оператор ретінде «Ұлттық рух» қоғамдық бірлестігі айқындалды.
«Қорға түсетін барлық қаражат тек қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларын қолдауға бағытталады. Қаражаттың жұмсалуы нысаналы мақсатқа сай және толық ашықтық қағидаттары негізінде жүзеге асырылады. Қордың қызметі мен түсетін қаражаттың бөлінуі мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бақылауында болады», – делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.
Бүгінде Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек жинаған.
Қайырымдылық көмек көрсеткісі келетін азаматтар, бизнес өкілдері мен ұйымдар қаражатты қордың ресми реквизиттері арқылы аудара алады.
Қордың ресми реквизиттері:
«Ұлттық рух» қоғамдық бірлестігі
БСН: 090140013447
Банк: «Alatau City Bank» АҚ
БСК: TSESKZKA
ЖСК: KZ03998PTB0000488655
Валюта: KZT
Әкімдік азаматтарды қаражатты жеке банк карталарына, жеке тұлғалардың шоттарына немесе белгісіз реквизиттерге аудармауға шақырды.