Қайтарылған активтер қаражаты есебінен 160 млрд теңге сумен жабдықтау жобаларына бағытталды

Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында елімізде азаматтарды сумен қамтамасыз етуге бағытталған жобаларды іске асыру жалғасуда. Осы мақсаттарға бірнеше қаржы көздерінен, оның ішінде Арнаулы мемлекеттік қор қаражатынан қаржы бөлінеді.

Үкімет

Алматы, NEGE. Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысы барысында Арнаулы мемлекеттік қордан 230 сумен жабдықтау жобасын жүзеге асыруға 160 млрд теңге қарастырылғанын атап өтті.

Жалпы, қаржыландыру көлемі 284,3 млрд теңгені құрайды. Қаражат екі министрлікке бағытталады.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі арқылы 183,4 млрд теңге бөлінеді, оның 101,3 млрд теңгесі - Арнаулы мемлекеттік қордан.

Су ресурстары және ирригация министрлігі арқылы 100,9 млрд теңге бөлінеді, оның ішінде Арнаулы мемлекеттік қордан 59,3 млрд теңге қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?