15 сентября 2025 г. 11:27

«Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков «Реал Мадридпен» өтетін ойынға қатыса алмайды

Фото: ғаламтордаан

14 қыркүйекте «Қайрат» пен «Ақтөбе» арасындағы ойынның 10-минутында алматылық клубтың жұлдызды қақпашысы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды.

Алматы, NEGE. «Ақтөбе» қорғаушысы Уче Агбоның шынтағымен жасалған соққыдан кейін оны алаңнан зембілмен әкетті. Оның орнына қақпаны 18 жастағы Шерхан Қалмырза қорғап, соңына дейін қақпасын голдан қорғай алды.

Бұл жеңістің арқасында «Қайрат» турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.

Алдын ала мәлімет бойынша қақпашы Темірлан Анарбековтің  жағы сынған. Спортшының ақыл тісі де зақымданып, мойын тұсы жарақаттанған. Футболшының қатарға оралуына шамамен 40 күн уақыт қажет. 

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 27 тамызда «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтті. Алматы клубы Шотландияның «Селтигін» пенальти сериясында (3:2) жеңген еді. Сол ойында 21 жастағы қақпашы Темірлан Анарбеков үш бірдей допты қайтарып, командасына жеңіс сыйлаған. 

«Қайрат» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде алғаш рет өнер көрсетеді. 30 қыркүйекте өз алаңында клуб әйгілі «Реал Мадридті» қабылдайды.