Қайрат Садықов ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

ҰОК

Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Әнуарбекұлы Садықов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада. 

Ол бұған дейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы қызметін атқарған.