«Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының билеттері 23 қыркүйекте сатылымға шығады

Билеттерді клубтың ресми сайты мен Ticketon платформасы арқылы сатып алуға болады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Билеттерді сату 23 қыркүйек күні сағат 17:00-де басталады. 

Бағалар УЕФА-мен келісілген және жалпы кезеңдегі барлық үй матчтарына бірдей 30 000 теңгеден 250 000 теңгеге дейін.

Бір адамға екі билеттен артық сатып алуға рұқсат етілмейді. Деректер сатып алу кезінде де, стадионға кірген кезде де қатаң тексеріледі.

Естеріңізге сала кетейік, «Қайрат» пен «Реал Мадрид» матчы 30 қыркүйекте Алматыда өтеді. Матчты тамашалауға шетелден 4–5 мыңға жуық жанкүйер келеді.

Қазір оқып жатыр

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

Шри-Ланка әуежайында 22 дін қызметкері есірткімен ұсталды

Әлемдегі жанармай дағдарысы: Қазақстан рейстерді қысқарта ма?

Министрлік Aitu қосымшасына қатысты «накруткаға» бақылау жасамайды