«Қайрат» пен «Реал Мадрид» ойынына билеттерді бүгін кешке сатып алуға болады

Бүгін, 23 қыркүйек күні, Алматы уақытымен сағат 17:00-де алматылық «Қайрат» пен испаниялық «Реал Мадрид» арасындағы Чемпиондар лигасы матчының билеттері онлайн сатылымға шығарылады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, билеттер тек электронды түрде ғана Ticketon сайты, сондай-ақ Ticketon және Qairat Superapp қосымшалары арқылы сатып алуға болады.

Стадион кассаларында сату қарастырылмаған.

Сатылым басталардан бір күн бұрын секторлар бойынша бағалар жарияланды:

  • Батыс трибунасы (орталық, шатыр астындағы орындар) — 250 000 теңге

  • Шығыс трибунасы — 150 000 теңге

  • Солтүстік және Оңтүстік трибуналар — 75 000 теңге

  • Батыс трибунасы (төменгі 1–9 секторлар, алаң жиегі) — 30 000 теңге

Билет сатып алу кезінде әр билет иесінің телефон нөмірін, электрондық поштасын, ЖСН немесе төлқұжат деректерін, сондай-ақ төлем картасының мәліметтерін енгізу қажет. Бір қолданушыға екі билеттен артық сатып алуға рұқсат етілмейді.

Кезекке алдын ала тұру мүмкін емес  электронды кезек дәл 17:00-де басталады.

Төлем жасалған соң сатып алушыға ваучер жіберіледі, ал матч басталардан 6 сағат бұрын электронды билеттер SMS арқылы келетін сілтеме арқылы қолжетімді болады.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты