21 января 2026 г. 9:00

«Қайрат» өз алаңында бельгиялық «Брюггеге» есе жіберді

Фото: instagram.com/f.c.kairat

Алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде өз алаңында бельгиялық «Брюггемен» кездесіп, 4:1 есебімен жеңіліп қалды.

Астана, NEGE. Матч «Астана Арена» стадионында өтті. Бұл «Қайрат» үшін өз алаңында өткен соңғы матч болды. Ойында литвалық Донатас Румшас бастаған төрешілер бригадасы төрелік етті.

Ойынның 32-минутында «Брюгге» сапынан Александар Станкович есеп ашса, кейін 38-минутта Ханс Ванакен, 74-минутта Ромео Верман және 84-минутта Брэндон Мехеле «Қайрат» қақпасына гол салды.

Тек матчтың соңына қарай «Қайрат» ойыншысы Әділет Садыбеков (90+2-минутта) Александр Мрынский берген пасты қақпаға дәл бағыттап, жанкүйерлерін қуантты.

Алматылықтар жеті кезеңнен кейін әлі де соңғы, 36-орында келеді. Команда еншісінде бір ұпай бар.

Еурокубоктың жалпы кезеңіндегі соңғы матчты «Қайрат» ағылшынның «Арсенал» клубымен өткізеді. Ойын 28 қаңтар күні Лондонда өтеді.