«Қайрат» он ойыншымен қалған «Омонияға» есе жіберді

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта Кипрдің «Омония» клубына 0:1 есебімен есе жіберді.

«Қайрат» ФК баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Алаң иелері 13-минутта есеп ашты. Голды Панайотис Андреу соқты. Ал 35-минутта «Омония» ойыншысы Лоик Него қызыл қағаз алып, алаңнан шығарылды.

Бірақ «Қайрат» есепті теңестіре алмады.

Қарымта матч 29 шілдеде Алматыда өтеді. Келесі кезеңге шығу үшін «Қайрат» сол ойында кемінде екі доп айырмасымен жеңіске жетуі керек. Ал алматылықтар бір доп айырмасымен жеңсе, ойын қосымша уақытқа ұласады.

Қарымта кездесуге дейін, 26 шілдеде, «Қайрат» Қазақстан Премьер-лигасы аясында шымкенттік «Ордабасымен» кездеседі. Бұл чемпиондыққа басты үміткер екі команданың арасындағы маңызды матч болмақ.