Қайрат Нұртастың апелляциялық шағымы өзгеріссіз қалды

 Қайрат Нұртастың апелляциялық шағымын Астана қалалық соты өзгеріссіз қалдырды. 

әлеуметтік желіден

Астана, NEGE. Бұған дейін әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысымен ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынған болатын.

Бірінші сатыдағы сот Қайрат Айдарбековтің ұшақтың ішінде жанжалдасу кезінде азамат Б.-ға қол жұмсап, оның денсаулығына жеңіл зиян келтіріп, төбелес кезінде балағат сөздер айтқанын анықтады. Құқықбұзушының адвокаты қаулымен келіспей, 434-баптың 2-бөлігі бойынша шағымданып, соттан іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.

Қаулының күшін жою үшін негіз анықталмағандықтан апелляцияның 2024 жылғы 9 шілдедегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың сот актісі өзгеріссіз қалдырылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

Шри-Ланка әуежайында 22 дін қызметкері есірткімен ұсталды

Әлемдегі жанармай дағдарысы: Қазақстан рейстерді қысқарта ма?

Министрлік Aitu қосымшасына қатысты «накруткаға» бақылау жасамайды

«Кресло», «жалюзи», «комодқа» қазақша атау тапқанға ақша беріледі