Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамалды

Әншінің соты онлайн режимде өтті.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Сот шешімімен белгілі қазақстандық әнші Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынды.

Танымал әнші екі бап бойынша – ҚР Әкімшілік кодексінің 73 бапбының 1 тарау 1 бөлігі бойынша, қасақана жеңіл дене жарақатын келтіргені үшін; ҚР Әкімшілік кодексінің 434 бап 2 бөлігі бойынша, ұшақ бортында ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыпталған болатын.

Сот шешімімен бірінші хаттама бойынша екі тарап бітімгершілікке келген.

«Екі жақтың татуласуына байланысты ҚР Әкімшілік кодексінің 73 бапбының 1 тарау 1 бөлігі бойынша қозғалған іс тоқтатылды»,- деді судья.

Қазір оқып жатыр

Шри-Ланка әуежайында 22 дін қызметкері есірткімен ұсталды

Әлемдегі жанармай дағдарысы: Қазақстан рейстерді қысқарта ма?

Министрлік Aitu қосымшасына қатысты «накруткаға» бақылау жасамайды

«Кресло», «жалюзи», «комодқа» қазақша атау тапқанға ақша беріледі