Қайрат Құдайбергеннің іздеуде жүрген бауыры Бішкекте ұсталды

Алматы мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергеннің ағасы Дархан Өміралиев Бішкекте ұсталып, Алматыдағы уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.

gov.kz

Алматы, NEGE. «Азамат «Ө» бұрын сот үкімімен тәркіленген үш үй мен екі пәтер түріндегі мемлекеттік мүлікті ұрлады деген күдікке ілінді. Алаяқтық әрекет Алматы қалалық әкімдігі мен қалалық Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің лауазымды тұлғалардың қатысуымен бақылаудағы адамдарға төмен бағамен және сауда-саттықсыз жылжымайтын мүлікті сату жолымен жасалды», - делінген хабарламада. 

2024 жылдың 14 маусымында Бішкекте ұсталған соң ол Қырғызстан Ішкі істер министрлігінің қызметкерлеріне оңайлатылған процедуралар бойынша өз еркімен отанына оралуға дайын екендігі туралы хабарлады.

«Сол күні Алматы қаласы прокуратурасының келісімімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің сүйемелдеуімен азамат У. Қырғыз Республикасының шекарасын кесіп өтіп, Алматы қаласына жеткізілді.Қазіргі уақытта күдіктінің қатысуымен тергеу амалдары жүргізілуде», — делінген хабарламада. 

Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат таратылмады. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр