«Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының финалдық кезеңіне шықты

Алматының «Қайрат» командасы футзалдан Чемпиондар лигасының финалдық кезеңіне шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚФФ

Алматы, NEGE. В тобында қазіргі кезде алматылықтар 6 ұпаймен көш бастап тұр.

Франциялық «Этуаль» хорватиялық «Футзал Динамо» командасын 4:3 есебімен жеңгеннен кейін «Қайраттың» мерзімінен бұрын финалдық кезеңге шыққаны белгілі болды.

Екі турдан кейін «Этуальда» - 3, «Футзал Динамо» мен «Олмиссум» командаларында 1 ғана ұпайдан бар. Бірінші турда «Қайрат» «Этуальды» 4:2 есебімен жеңгендіктен, алдағы ойындардың нәтижесі ештеңені шешпейді.

Алматылықтар өз тобындағы соңғы кездесуін «Футзал Динамо» командасымен өткізеді.

Чемпиондар лигасының жартылай финалына «Қайраттан» басқа қалған үш топтың жеңімпазы жолдама алады.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады