«Қайрат» футбол клубының ойындарына билет бағасы арзандаған

«Қайрат» футбол клубының Чемпиондар лигасы аясындағы қалған ойындары Астанада өтеді.

«Қайрат» фк

Астана, NEGE. «Қайрат» бұл шешімді УЕФА-мен бірлесе отырып қабылдағанын мәлімдеді. Осылайша, клубтың 9 желтоқсан күні «Олимпиакос» және 20 қаңтарда «Брюгге» командаларына қарсы ойындары «Астана Арена» стадионында өтеді. 

Алматыдағы Орталық стадионда матчты қыста өткізу тәжірибесі көрсеткендей, төмен температура, шатырдың жоқтығы, қар жауу қаупі жанкүйерлер үшін қолайсыздық туғызып, алаң қызметін қиындатады. Көрермендерге жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау үшін матч жабық стадионда өтеді,– делінген хабарламада.

Ал, билет бағасы 15 000 – 50 000 теңге аралығында болады. Билетке сатылым 28 қарашадан бастап ашылады.

Айта кетейік, «Қайрат» пен«Реал» арасындағы ойында билеттердің бағасы 30 мыңнан 150 мың теңгеге дейін болса, ал, «Қайрат» – «Пафос» матчының билеттері 30 мыңнан басталып, 250 мыңға дейін сатылған.  

Қазір оқып жатыр

«Кресло», «жалюзи», «комодқа» қазақша атау тапқанға ақша беріледі

Қазақстан Германияға мұнай жеткізу бағытын өзгертті

Қазақстандықтардың 86 пайызы өзін діндар деп санайды

Головкиннің қолғаптарын 10 млн теңгеге сатып алған бизнесвуменге қатысты іс қозғалды