«Қайрат» футбол клубы төртінші рет Қазақстан чемпионы атанды

Екінші орынды 46 ұпай жинаған «Астана» клубы алды.

telegram/fc_kairat

Алматы, NEGE. Алматылық «Қайрат» футбол клубы Қазақстан чемпионы атанды. Алматылықтар Қазақстан Премьер-лигасында 47 ұпай жинап, ел чемпионатын жеңіп алды.

Шешуші 26-турда алматылықтар «Атыраудан» 0:1 есебімен басым түсті. Жалғыз голды 59-минутта пенальтиден Гиорги Зария соқты.

Осылайша «Қайрат» 47 ұпай жинап, өз тарихында төртінші рет футболдан Қазақстан чемпионы атанды.

Күміс жүлдені 46 ұпаймен «Астана» алса, «Ақтөбе» клубы 43 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді. «Шахтер» ең соңғы 13-орынға тұрақтады

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?