«Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды

Алматының «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңін сәтті аяқтады.

«Қайрат» баспасөз қызметі

Алматы, NEGE. Қазақстандық клуб өз алаңында Шотландияның «Селтик» командасымен кездесті.

Клубтар арасындағы алғашқы ойын Глазгода өтіп, 0:0 есебімен аяқталды. Алматыдағы жауапты кездесуде де командалар гол соға алмады.

Ойыннан кейінгі пенальти сериясында «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков қарсыластың үш бірдей соққысын қайтарды. Нәтижесінде, алматылықтар 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, біздің клуб Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсететін болады. Жеребе тарту рәсімі 28 тамызда өтеді.

Қазір оқып жатыр

Алматы әкімдігі 800 млн теңгеге жер телімін заңсыз сатып алмақ болған

Өскеменде Жақсылық Омардың ісі бойынша сот отырысы басталады

Тоқаев Трамптан хат алды

Бюджеттен миллиардтар бөлінген «Тұран» клубын бар болғаны 737 мың теңгеге сатпақ