«Қайрат» ФК-ның дәрігері бомба туралы әзілдеді: іс сотқа жіберіледі

Көліктегі полиция департаменті «Қайрат» футбол клубының дәрігері Дастан Тұралиевке қатысты сұраққа жауап берді.

dastan_turaliyev/Instagram

Астана, NEGE. 28 ақпанда «Астана – Алматы» рейсіне тексеру кезінде жолаушы тыйым салынған заттардың бар-жоғы туралы қойылған сұраққа қалжыңдап өзінде «бомба» барын айтқан.

Полицияның хабарлауынша, жолаушының қол жүгін және жеке заттарын тексеру барысында ешқандай қауіпті немесе тыйым салынған зат анықталмаған.

Ұсақ бұзақылық дерегі бойынша көлік полицейлері әкімшілік хаттама толтырды. Іс процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданады.

Қазір оқып жатыр

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Украина Назарбаевтың ескерткішін бұзудан бас тартты

«50 жыл ешкімге керек болмады»: Баян Алагөзова Қыз Жібектің камзолына қатысты өз ойын айтты