«Қайрат» ФК-ның дәрігері әуежайда бомба туралы әзілдеген

NEGE редакциясының қолына «Қайрат» футбол клубының дәрігері Дастан Тұралиевке қатысты рапорт пен әкімшілік хаттама түсті.

@dastan_turaliyev/Instagram

Астана, NEGE. Құжатта 28 ақпанда Астана халықаралық әуежайында елордадан Алматыға ұшар алдында тіркеу кезінде ер адамнан қол жүгінде тыйым салынған заттардың бар-жоғы сұралғаны көрсетілген. Ол әзілдеп өзінде «бомба» бар екенін айтқан.

Осыдан кейін ішкі терминалға кинолог мамандар шақырылды.

Оқиға ұсақ бұзақылық ретінде тіркелген.

Бүгін Қайрат Боранбаевтың «Қайрат» клубы Астанада өткен Суперкубок матчында Қостанайдың «Тобыл» командасынан жеңілді.

Қазір оқып жатыр

Оқушы қыздар халықаралық математика олимпиадасында үш медаль жеңіп алды

Ақмола облысында ерлі-зайыпты суррогат анамен соттасып, ақшасын қайтарып алды

Концерттерге жалған билеттер сатылуда – ІІМ

Шерзат Полаттың қазасы бойынша сот үкімі өзгеріссіз қалды