Екі бірдей қазақ футболшысы Чемпиондар лигасында гол соқты

Данияда өткен «Копенгаген» – «Қайрат» ойыны 3:2 болып жергілікті команданың жеңісімен аяқталса да, бұл матч қазақ футболы үшін маңызды болды. Өйткені осы ойында  «Қайрат» академиясының екі жас тәрбиеленушісі қатарынан гол салды.

instagram.com/f.c.kairat/

Астана, NEGE. 81-минутқа қарай алматылықтар «Копенгагеннен» 0:3 есебімен ұтылып жатқан.

Алдымен «Қайраттың» 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев дат қақпашысы Доминик Котарскиден допты іліп алып, қақпаға дәл бағыттады. Бұл оның өзі үшін де, Қазақстан үшін де тарихи сәт болды: ол осы турнирде гол соққан алғашқы қазақ атанды.

Сонымен қатар Сәтпаев Чемпиондар лигасы тарихында гол соққан ең жас футболшылардың үштігіне енді. Гол соққан кезде оның жасы 17 жас 110 күн еді. Одан жоғары тек Ансу Фати (17 жас 40 күн) мен Ламин Ямал (17 жас 68 күн) ғана тұр. 

Артынша 20 жастағы Олжас Байбек дәл соққымен есеп айырмасын қысқартты.

Қорытынды есеп - 2:3.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған