10 ноября 2025 г. 15:44

Қайрат Боранбаевтың компаниясы БАӘ мен Қытай нарығына шығады

Фото: fckairat.com

Кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың Food Solutions компаниясы БАӘ мен Қытай нарығына шығуды жоспарлап отыр. 

Астана, NEGE.  Боранбаев бұл туралы Алматыдағы Shanyraq бизнес-форумында мәлімдеді, – деп жазады «Ручная экономика» арнасы.

Оның айтуынша, бүгінгі күні Food Solutions компаниясының бренді бойынша 25 мейрамхана жұмыс істейді және жылдың соңына дейін тағы төрт мейрамхана ашу жоспарланып отыр.

«Біз экспансияны әрі қарай жалғастырамыз. Үлкен келісімшартқа дайындалып жатырмыз және ірі франшиза дайындап жатырмыз, сол арқылы халықаралық нарықтарға да шығуды көздеп отырмыз. Мен Дубай мен Қытайды меңзеп отырмын», – деді кәсіпкер. 

Food Solutions компаниясы 2016 жылдан бастап Қазақстандағы McDonald’s бренді желісінің операторы болған. 2022 жылы McDonald’s жеткізу мәселелері салдарынан Қазақстандағы барлық мейрамханаларының жұмысын тоқтатты. 2023 жылы «Food Solutions KZ» ЖШС брендтен шығатынын жариялап, мейрамханаларды I'M деп қайта атады.