Қайрат Боранбаевтың екі жылдан бері іздеуде жүрген ағасы ұсталды

Мұрат Боранбаевтың ұсталғанын Қаржылық мониторинг агенттігі растады.

gov.kz

Алматы, NEGE. Қайрат Боранбаевтың ағасы Мұрат Боранбаев – Алматыдағы ақылы автотұрақтарға қатысты қылмыстық істің негізгі фигуранты. Ол 2022 жылдан бері іздеуде болған.

Мұрат Боранбаев аса ірі көлемде мемлекеттік қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді.