Қайрат Боранбаевқа тиесілі мұнай компаниясы мемлекетке қайтарылды

Қайрат Боранбаевқа тиесілі Phystech II мұнай компаниясы толығымен мемлекет балансына өтті.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE.  KASE сайтындағы хабарламаға сәйкес, 1 шілдедегі жағдай бойынша Phystech II АҚ жалғыз акционері — Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті.

Қаржы министрлігі 35 млрд теңгеге бағаланған бұл кәсіпорынды енді аукцион арқылы сатпақ. Компания акцияларының жалпы саны 18,5 млн дана. ОНың 13 749 100 данасы сатылымға қойылған.

Заңсыз алынған активтерді елге қайтару жалғасып жатыр. Бас прокуратура жанынан құрылған арнайы комитет биыл 325 миллиард теңгенің дүниесін елге қайтарды.

Қазір оқып жатыр

Ресей мен Әзірбайжан AZAL ұшағының апатына байланысты келісімге келді

Таразда оқушылар арасында жаппай төбелес болып, бір баланың көзіне зақым келді

Дубайдағы әйгілі қонақүй 1,5 жылға жабылады

Қазақстанда көлік жүргізушілері жаппай тексеріліп жатыр