Қайрат Боранбаев Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті болып қайта сайланды

Қайрат Боранбаев Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті болып қайта сайланды.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Бұл туралы бизнесмен Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазды.

«Мен Паралимпиада федерациялары өкілдерінің бірауыздан шешімімен Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті болып сайландым. Мені қолдағандардың бәріне алғыс айтқым келеді. Мен үшін бұл өте маңызды қызмет. Біз Қазақстанда паралимпиадалық қозғалысты дамыту жөніндегі ауқымды стратегиямызды іске асыру жолындамыз. Соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмаймыз. Жоспарымыз көп», – деп жазды Қайрат Боранбаев.

Оның айтуынша, бүгінде Парижде өтетін Паралимпиада ойындарына қызу дайындық жүріп жатыр. Жыл соңына дейін Астанада жаңа жаттығу орталығының құрылысы басталмақ. Сонымен қатар, «Тарлан» инклюзивті мұз айдынын қайта жаңарту жоспарланып отыр. Бұдан бөлек паралимпиадашыларға арналған заманауи тренажерлер сатып алынбақ.

«Менің мақсатым – паралимпиадалық спорттың тиімді жүйесін құру және Қазақстанның өңірдегі спорттық көшбасшылығын нығайту. Осы жолда мені қолдайтындардың барлығына ризамын!», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр