«Қайрат» әлемнің үздік футбол клубтарының қатарына енді
Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) ресми сайтында әлемнің ең үздік 500 клубының жаңартылған рейтингін жариялады.
Астана, NEGE. «Қайрат» футбол клубы IFFHS рейтингіне енген жалғыз қазақстандық клуб атанды. Алматылық клуб рейтингте франциялық«Ницца», испаниялық «Севилья», англиялық «Вест Хэм» сынды бірқатар танымал еуропалық клубтардан озып, 90,75 ұпаймен 240-орынға жайғасты.
Әлемдік рейтингте франциялық ПСЖ көш басында тұрса, екінші орынды мадридтік «Реал», үшінші орынды лондондық «Челси» иеленді. Ал үздік ондықты «Интер», «Бавария», «Барселона», «Арсенал», «Фламенго», «Палмейрас» және Дортмундтың «Боруссия» клубы түйіндеді.
Биылғы маусымда «Қайрат» алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алып, тарихи жетістікке жетті. Алты турдан кейін клуб бір ұпаймен жалпы турнирлік кестенің төменгі жағында тұр.
«Қайрат» турнирдің топтық кезеңінде енді екі ойын өткізеді: 2026 жылдың 20 қаңтарында алматылық клуб Астанада бельгиялық «Брюгге» клубын қабылдайды, ал 28 қаңтарда Лондонда «Арсеналмен» ойнайды.