Қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Ішкі істер министрлігі мереке күндері қоғамдық тәртіпті қатаң сақтауға шақырды.
Алматы, NEGE. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов өңірлік полиция департаменттерінің жеке құрамымен жедел өткізген кеңес барысында мәлімдеді.
Ол азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен тыныштығы жоғары деңгейде қамтамасыз етілуі қажет екендігін атап өтті. Бұл үшін арнайы жедел топтар да жасақталды. Осы орайда барлық өңір бойынша 20 мыңға жуық полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан жауынгері жұмылдырылған.