Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Астана, NEGE. Жиында Қарулы Күштерді одан әрі дамыту және әскери қызметшілерді әлеуметтік тұрғыда қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар Қорғаныс министрі Руслан ЖАҚСЫЛЫҚОВ пен бірқатар өкілетті мемлекеттік орган жетекшілері баяндама жасады.

Қауіпсіздік Кеңесі отырысының қорытындысы бойынша әскердің материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға, оны кадрлармен қамтамасыз етуге және әскери қызметтің беделін арттыруға бағытталған шешімдер қабылданды.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысында қызметінен кеткен әкім өлі күйінде табылды

Қарулы күштерді және әскери мекемелерді түбегейлі реформалау керек – Тоқаев

Бюджетті қуанта бермек. «Altyn Bank» салығы өссе де, пайдасы НЕГЕ артпады?

Калифорния тұрғындары Temu маркетплейсін сотқа берді