Қауіпсіздік кеңесінің биылғы жоспары айқындалды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі әрі Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады. Мұны Тұңғыш президенттің ресми сайты хабарлады.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Кездесу барысында Елбасы мемлекеттік саясат, ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласы үшін Қауіпсіздік кеңесінің қаншалықты маңызды рөл атқаратынын айтты.

«Қауіпсіздік кеңесі – қауіпсіздікті сақтау үшін ел ішіндегі және сырттағы мәселеге сараптама жасайтын өте маңызды орган. Бұған құқық қорғау органдарының жұмысы, азық-түлік қауіпсіздігі шетелдермен байланыс, қорғаныс мәселесі кіреді. Бұдан бөлек, құқық қорғау жүйесін реформалауға көңіл бөліп, соңына дейін жеткізу керек» деді Тұңғыш президент.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті