«Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары тұтқындалды»

Бүгін бірқатар телеграм-каналдар Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары Марат Шайхутдиновтың «мемлекетке опасыздық жасады» деген айыппен тұтқындалғанын хабарлады. Ақпаратты әзірге ешқандай орган ресми растаған жоқ.

Алматы, NEGE. М.Шайхутдинов 2009 жылға дейін Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары болған, ал 2015 жылдан бастап бірінші орынбасар лауазымын атқарды. 

2018 жылы тамызда М.Шайхутдинов Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы – Президенттің көмекшісі лауазымын да уақытша атқарған еді.

Қаңтардағы бүліктен соң Қауіпсіздік кеңесінде ауыс-түйістер болды. Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары Азамат Әбдімомынов қызметінен кетті. Көп ұзамай Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев те басқа қызметке ауысқан. Ал М.Шайхутдинов орнын сақтап қалған еді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды