Қауіпсіздік белдігін тақпаған Ұлыбритания премьер-министріне айыппұл салынды

Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак көліктен видео жариялады. Осылайша, оған қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін айыппұл салынды, - деп хабарлады

Sky News.

Алматы, NEGE.Риши Сунактың баспасөз қызметі өкілдері әлеуметтік желілерде шенеуніктің Ланкашир округінің экономикасына инвестиция артқанын мәлімдеген видеосын жариялаған. Полиция ол жолаушылар орнында отырған кезде қауіпсіздік белдігін тақпағанына назар аударған.

Полиция мәлімдемесінде әлеуметтік желілерде Ланкаширде жүрген көлікте жолаушы ретінде отырған адам қауіпсіздік белдігін тақпағаны көрінетін видео тарап жатқаны айтылады. Ал бұл мәселе тексерілгеннен кейін лондондық 42 жастағы ер адамға айыппұл туралы хабарлама жіберілген. Алайда Риши Сунактың аты-жөні полиция мәлімдемесінде аталмаған.

Қазір оқып жатыр

Омаровтың анасына тиесілі зауыт аумағындағы өрттің алдын ала себебі анықталды

Тұрсын Алагөзов Шымкент сыра зауытының қызметкерлеріне 50 пәтер тарту етті

Тоқаев: Цифрлық теңгені кеңінен қолдану «ойын ережесін» өзгертеді

Еуразиялық қаржы компаниясы 28,4 млрд теңге дивиденд төлейді