Кәуап жегісі келген екен

Павлодар облысы Ақсу полиция бөлімінің полицейлері ет ұрлады деген күдікпен ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Полицияға ет ұрлығы туралы арызбен мекеме директоры келді. Қаскүнем Ленин көшесіндегі кафеде бола тұра, бөлмеге заңсыз кіріп, қосалқы бөлмеден 15 келі ет, үш комплект шампур және екі темір тор алып шыққан. Тәртіп сақшылары күдіктіні ізін суытпай ұстады. Күдікті 36 жастағы Ақсу қаласының жұмыссыз тұрғыны екен. Ер адам өзінің әрекетін дәмді кәуап жегісі келгенімен түсіндірді. Енді оған заң алдында жауап беруге тура келеді.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды