Қатты бораннан республикалық жол жабылды

Батыс Қазақстан облысында қатты боранға байланысты республикалық жол жабылды.

Алматы, NEGE. «Қазавтожол» ЖШС БҚО филиалының мәліметі бойынша 8 наурыз күні сағат 10.25-тен ауа райының нашарлауынан республикалық маңызы бар Орал-Тасқала-РФ шекарасы (76-104 км, Тасқала кентінен РФ шекарасына дейін) жолында барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Жабылу себебі – қатты бұрқасын, көріну шегі 50 метрге дейін. Желдің жылдамдығы – секундына 15 метр. БҚО ТЖ департаменті осыған орай ескерту жарияланып, тұрғындарға хабарлама жіберіліп жатқанын жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда боранға байланысты республикалық жолдар жабылғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Ақсай қаласында екі автокөлік бір біріне соғылып, жүргізуші ауруханаға түсті.

Қазір оқып жатыр

Трамп Ормуз бұғазындағы кемелерді босату операциясы басталғанын мәлімдеді

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді