Катнов: 200 мыңнан астам адамда заңды қару бар

«Астана наш!», «Жайратып саламыз!» деп даурыққан жігіттер туралы видео әлеуметтік желіні әлі аралап жүр. Күдіктілер ұсталып, тексеріліп жатыр. Олардың қолындағы қару жөнінде Tengrinews.kz сайтына маман түсініктеме берді.

Алматы, NEGE. Видеода күдіктінің қолында қандай қарулар болғанын «Қорамсақ» азаматтық және қызметтік қару-жарақ айналымы ұйымдары ассоциациясының вице-президенті Сергей Катнов түсіндіріп берді.

Катнов былай деді: «Бір нәрсе анық, күдіктінің оң қолындағы ОСА – травматикалық ұңғысыз қару. Ортасына болат салынған резеңке оқпен атылады. Травматикалық қарулар ішіндегі ең қауіптісі осы – ОСА.

Ал сол қолындағы қару «Лидер» тапаншасы болуы мүмкін. Бұл да заңсыз травматикалық қару. Ойыншық болуы мүмкін, әрине, бірақ ең қауіпті қару оның тізесінде жатыр. Бір қарағанда, оптикалық дүрбі орнатылған аңшы карабиніне ұқсайды. Мұндай қаруды тек полицияның арнайы рұқсатымен алуға болады. Орындықта оқтар жатыр. Байқауымша, тегіс ұңғылы қарудың оқтары сияқты».

Катновтың пікірінше, бір заңсыз қару ұстағаны үшін басқа да лицензиясынан айыру керек.

«Менің байқауымша, видеодағы кейіпкер тым шолақ ойлайтын адам сияқты. Осындайлар еліміз бойынша 200 мыңнан астам заңды қаруы бар, заңды құрметтейтін азаматтарға көлеңке түсіреді» дейді С.Катнов.

 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ

«Масылдық ұғымынан біржола арылу қажет»: Президент дотацияға сеніп отыратын әкімдерді сынады

«Ересектермен бірдей жазаға тартылады»: ІІМ ата-аналарға ескерту жасады

«Кастетпен ұрған»: Таразда тоғызыншы сынып оқушысын жеті қыз жабылып соққыға жыққан