Қатысқан тойы туралы желіге жазба жариялаған блогер жазаланбақ

Карантин талаптарына қарамастан той жасаған астаналықтар Instagram блогерлерінің жазбасынан кейін әшкере болды.

Алматы, NEGE, Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізген полиция қызметкерлері блогерлердің қатысуымен өткен үйлену тойында түсірілген бейнежазбаны тапқан. «Бас санитар дәрігердің қаулысындағы тыйымға қарамастан, той кең ауқымда өткен. Үйлену тойы қаланың сол жағалауында, Қорғалжын тас жолының бойындағы мейрамханада өткені белгіл болды.

Мейрамхана иесіне, блогерге және басқа да той қатысушыларына қатысты жиналған материалдар санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды», - деп жазады полиция департаментінің бапасөз қызметі. Елорда полциейлері карантин талаптарын бұзудың соңы әкімшілік жауапкершілікке соқтыратынын ескертіп отыр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды