Қателікпен бұғатталған: Қазақстанға тиесілі 600 млн доллар қайтарылды

Бельгиядағы Euroclear халықаралық компаниясы ресейлік шот деп санап, бұғаттаған қаржының біразын қайтарды.

pixabay.com

Астана, NEGE. Бұл жөнінде қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл ресейлік «РИА Новости» ақпарат агенттігіне мәлімдеген.

Еуроодақ елдері 2022 жылы Ресейдегі орталық ұйым – Ұлттық есеп айырысу депозитарийіне қарсы санкциялар енгізді. Сол кезде Euroclear Еуразиялық даму банкіндегі Қазақстанға тиесілі қаражат болған шотты да бұғаттаған.

«Қаражатты бұғаттан шығарудың жалғыз шарты – оны тек ел ішінде пайдалану болды. Euroclear осы талаптың орындалуын бақылап отырды. Жалпы сомасы 733 млн доллар болатын қаражаттың 2023 жылдан бүгінге дейін 600 млн доллардан астамын бұғаттан шығара алдық. Бұл қаражат Қазақстандағы жобаларды қаржыландыруға бағытталды», – деді ол.

Қазақстан тарабы 2026 жылы Euroclear қалған 120 млн доллардан астам қаржыны да бұғаттан шығарады деген үмітте.

Қазір оқып жатыр

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?