Катарлық клуб Хавиді «Барселонаға» жіберді

«Аль-Садд» клубы Хавиді Испанияның «Барселонасына» жіберді, деп хабарлайды Vesti.kz сайты.

Алматы, NEGE. «Клуб басшылығы Хавиді «Барселона» тізгінін ұстауға рұқсатын берді. Болашақта испаниялық командамен бірлесіп қарым-қатынас жасау туралы келіссөздер жүргізілді. Хави – «Аль-Саддтың» айнымас бөлшегіне айналды. Біз оған алдағы уақытта жарқын жеңістер тілейміз», – делінген клуб сайтында. Еске салайық, Хави 1998-2015 жылдары каталондықтардың басты командасында 505 матча алаңға шығып, 58 гол соққан. Осы уақыт аралығында ол Испанияның 8 дүркін және Чемпиондар Лигасының 4 дүркін чемпионы атанды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр