Қатардың бұрынғы әмірі қайтыс болды: Тоқаев көңіл айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге әкесі, елдің бұрынғы әмірі шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.
Астана, NEGE. Мемлекет басшысы марқұмның Қатардың дамуына, халқының әл-ауқатын арттыруға және халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға зор үлес қосқанын атап өтті.
«Қазақстандықтар әкеңіз шейх Хамад бен Халифаны парасатты басшы, халықаралық деңгейдегі беделді саясаткер, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға зор еңбек сіңірген тарихи тұлға ретінде әрдайым есінде сақтайтын болады», – делінген жеделхатта.
Президент Қатар әміріне, оның отбасына және Қатар халқына қайғыра көңіл айтты.