«Катарактаға ота жасатқаныма қуаныштымын»: Роза Рымбаеваның қазіргі жағдайы белгілі болды

Халық әртісі Роза Рымбаева көз жанарын жақсарту мақсатында отаның көмегіне жүгінді.

ғаламтордан

 Алматы, NEGE. Бұл жайлы өнер иесі Instagram-дағы парақшасында айтты.

«Осы күннің басты жаңалығын жариялайтын уақыт жетті. Өздеріңіз білетіндей, көзілдірік тағып жүргеніме көптеген жыл болды. Біраз ыңғайсыздық туындап, зардап шеккенім де рас.

Балаларым көз жанарын сеніп тапсырған клиниканың көмегіне мен де жүгінуді жөн көрдім. Катарактаға ота жасатқаныма қуаныштымын. Көздеріңізді уақытында емдеңіздер.

Енді жаңа өмірге, жаңа маусымға, жаңа концерттік бағдарламаларға алаңдамай кірісе беруге де болады», – деп жазды Роза Рымбаева.

Қазір оқып жатыр

Атыраулық «хакер» Түркияда ұсталды

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы