Катар астанасында дзюдодан дүниежүзілік дода өтіп жатыр

Дохаға әлемдік дзюдо үздіктері жиналды.

Алматы, NEGE. Катар астанасында дзюдодан дүиежүзілік дода өтіп жатыр. Байрақты бәсекеге қатысушылар арасында өзіміздің жерлестер де бар. Бас-аяғы 19 спортшымыз бағын сынайды. Бірақ, олар ә дегеннен жүлдеге іліге алмады. Доха қаласындағы әлем чемпионаты менің оң қапталымда тұрған жекпе-жек сарайында өтіп жатыр. Байрақты бәсеке ә дегеннен тартысты басталды. Өйткені, әлем чемпионаты бұл жылдың басты жарысы болып есептеледі. Бұнда жеңіске жеткен спортшыға екі мың рейтингілік ұпай беріледі. Бұл Париж олимпиадасының алдында өте маңызды. Одан кейін миллион долларды құрайтын жүлде қоры да бар.   Жарыстың алғашқы күні 4 жерлесіміз татамиге шықты. Әсіресе, ұлттық құраманың үздігі Елдос Сметовтың белдесуін көпшілік асыға күткен еді. Өйткені, ол жарақатына байланысты ұзақ уақыт халықаралық жарыстарға қатыса алмады. Енді қазір қайтадан бабына келгенін байқадық. Бірақ, жүлдеге қол соза алмады. Алғашқы белдесуінде Түркіменстан өкілін жеңгенімен, одан кейін Өзбекстан спортшысына есе жіберді.

Бүгін тағы қос салмақтағы үздіктер анықталады. Дәл осылай әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған спортшылар он төртінші мамырға дейін он төрт салмақтағы медальдар жиынтығын сарапқа салмақ. «Қазір ұлттық құрама мүшелері жарыс алдындағы дайындықты пысқытап жатыр. Әсіресе, осы жеңіл және орта салмақтарда жүлдегер атануға мүмкіндік бар», - дейді команданың басы қасындағы мамандар.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр