Катар-2022: Хорватия қола жүлде жеңіп алды

Катарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатында Хорватия құрамасы қола жүлдегер болды.

Алматы, NEGE. Бүгін 3-орын үшін сайыста Хорватия мен Марокко құрамалары кездесті. Ойын басында хорватиялық футболшылардың басымдығы байқалып тұрды. Шабуылды оң және сол қанаттан ұйымдастырған олар 7-минутта есеп ашты. Аталған құрама футболшысы Йошко Гвардиол әуелеп келген допты баспен қақпаға соқты. Арада көп ұзамай марокколық құрама таразы басын теңестіріп үлгерді. Ойынның 9-минутында Ашраф Дари мергендік танытты.

Кездесу барысында марокколық футболшылар қателікке жиі бой алдырды. Десе де олардың қателігін қақпашы Ясин Буну түзеп жатты. Ал 42-минутта ол Мислав Оршичтің тепкен соққысына қауқар көрсете алған жоқ.

Екінші кезеңде де хорватиялықтар тізгінді өз қолынан шығармауға тырысты. Екі құраманың да есепті өзгертетін мүмкіндігі болған еді.

Осылайша Хорватия қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, қола жүлдеге қол жеткізді. Енді финалда Аргентина - Франция құрамаларының кездесуі 18 желтоқсанда елорда уақытымен 21:00-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды