Қатар-2022: 1/8 финалдың алғашқы ойынында Нидерланды мен АҚШ кездеседі

Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатында бүгін 1/8 финалында Нидерланд - АҚШ құрамалары кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Кездесу елорда уақытымен 21.00-де басталып, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ойын ел астанасы - Доха қаласындағы 45857 жанкүйерге арналған «Халифа Интернейшнл» стадионында өткізіледі. Бас төреші - бразилиялық Вилтон Сампайо. Оған Бруно Бошилия мен Бруно Пирес. Қосалқы төреші - уругвайлық Андрес Матонте (Уругвай).

FIFA рейтингінде Нидерланд - 8, АҚШ 16-орында тұр.

Топтық кезеңде Нидерланд А тобында 7 ұпаймен бірінші орын алды. Олар Сенегал мен Қатарды 2:0 есебімен тізе бүктіріп, Эквадормен 1:1 есебімен тең түсті.

Ал В тобында АҚШ екінші орынға табан тіреді. Олар Иранды 1:0 есебімен жеңсе, Уэльспен 1:1, Англиямкен 0:0 есебімен тең түсті.

Екі құрама бұған дейін алты мәрте кездесті. Оның бесуінде нидерландтық футболшылар жеңіске жетсе, біреуінде американдық құрама басым түсті.

Сондай-ақ, елорда уақытымен 1.00-де Аргентина мен Австралия кездесуі «Qazaqstan» мен «Qazsport» телеарналарынан көрсетіледі.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды