Қатаң карантин режимі ұзартылды

Шығыс Қазақстан облысына енгізілген қатаң карантин режимі 25 қарашаға дейін ұзартылды.

Алматы. Шығыс Қазақстан облысының бас санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы Г.Тағаева жаңа қаулы шығарды. Онда аймақтағы карантин 25 қарашаға дейін ұзартылады делінген.

Шаруашылықтың немесе басқа да халықтың өміріне маңызды қызметтердің ерекше жағдайға бейімделе отырып, сақтауы тиіс шектеу шаралары бүкіл Шығыс Қазақстан облысы бойынша 11 қараша сағат 00: 00-ден бастап 2020 жылғы 25 қарашаның сағат 00:00-ге дейін ұзартылсын, делінген құжатта.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың көп болуына байланысты қатаң карантин жарияланған болатын.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған