Қатаң карантин басталды

9 қазаннан бастап Солтүстік Қазақстан облысындағы Булаев қаласы коронавирус инфекциясын жаппай жұқтырудың алдын алу үшін қатаң карантинге жабылды, – деп хабарлайды Петропавловск.news.

Алматы, NEGE. Ауданның бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, Булаев және Мағжан Жұмабаев ауданының басқа ауылдары, сондай-ақ Петропавловск арасында ресми, бейресми тасымалдаушылармен жолаушылар тасымалдауға тыйым салынады.

Сағат 22.00-ден 6.00-ге дейін тұрғындардың үйлерден шығуы шектеледі (жұмыс және медициналық көмектен басқа). Қалған уақытта жақын маңдағы дүкенге, дәріханаға шығуға, қоқысты шығаруға рұқсат етіледі.

Сондай-ақ, көршілерге, таныстарға, туыстарға, әріптестерге баруға тыйым салынады.

Сағат 19.00-ден кейін ересектердің қарауынсыз кәмелетке толмағандардың жүруіне шектеу қойылды. 65 жастан асқандарға өзін-өзі оқшаулау режимін сақтау керегі айтылды.

Қазір оқып жатыр

Қызметкерін зорлады деп айыпталған Әмір Шайкежанов 5 жылға сотталды

Мәслихат өз отырыстарын міндетті түрде онлайн көрсету керек

Коллекторлар миллиардтаған теңге бюджет қаражатын жасырып қалған

Тоқаев: «БҰҰ Жарғысы тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес»