Каталония тұрғындарына маска тағу міндеттелді
Бүгіннен бастап Каталония тұрғындарына ғимараттың ішінде де, таза ауада да маска тағу міндеттелді.
Алматы, NEGE. Тіпті әлеуметтік арақашықтық сақталғанның өзінде бетпердесіз жүруге болмайды. Аймақта індет қайта өрши бастағандықтан, жергілікті билік тұрғындарға осындай талап қойып отыр. Жуырда Каталония тұрғындары үшін карантин режимі қайта енгізілді.
Каталония женералитетінің төрағасы Ким Торра: "Маска тағу ережесі Каталонияның барлық аймақтары үшін енгізілді. Бұл індеттің таралмауы үшін маңызды шараның бірі деп есептеймін" деді