«Кастетпен ұрған»: Алматыда бір топ жігіт төбелесті

Желіде жас жігіттер арасындағы төбелестің видеосы тарады. 

Видеодан скриншот/egovpress

Астана, NEGE. Telegram-дағы арналардың бірінің жазуынша, төбелес кезінде бір жігітті кастетпен ұрған.

Алматы полицейлері күдіктілерді анықтап, олардың полиция бөліміне жеткізілгенін хабарлады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жанжал тұрмыстық себептерден шыққан.

«Бұл факт бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалды.

Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер анықталып, полиция бөліміне жеткізілді», – деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция өкілдері жанжалға қатысқан әрбір адамның әрекетіне заңнама талаптарына сәйкес құқықтық баға берілетінін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды