Қастер мен Мұрагер Қытайға қайтарылмайтын болды

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан аудандық сотында «шекараны заңсыз кесіп өтті» деп айыпталған Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлына қатысты сот үкімі оқылды.

Алматы, NEGE. «Азаттық» тілшісінің хабарлауынша, судья Шынар Оспанова айыпталушы Қастер мен Мұрагергің әрқайсысына 25 250 теңгеден айыппұл салып, бір жылға бас бостандықтарынан айырды. Олар жазасын қауіпсіздігі төмен мекемеде өтейтін болады. Есесіне, жұрт уайым еткендей қандастарымыз Қытайға қайтарылмайды.

Екі жігіттің үш айдан бері қамауда отырғанын, тергеу кезінде бір күні екі күнге саналатынын ескерсек, олар енді тағы 5 ай 24 күн қамауда отыратын болады.  

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды