Кассалық табысымен топ жарған фильм
Отандық кинопрокатта кассалық табысымен топ жарған туындылар тізімі анықталды. «Ticketon.kz» сайтының мәліметінше, өткен аптада ресейлік «Мұз 2 / Лед 2» лентасы көш бастады.
Алматы, NEGE. Киносүйер қауыммен қайта қауышқан спорттық драма айналымдағы екінші аптада 35 миллион теңгеден аса пайдаға кенелген. Фильм сюжеті Александр Петров және Аглая Тарасованың сомдауындағы қос ғашықтың үйленіп, қызды болуынан басталады. Жас отбасының тұңғышы да мәнерлеп сырғанауға қызығушылық танытады. Картина дәл осы кішкентай қыздың спорттағы алғашқы қадамын баяндайды.