«KASPY STEEL» ЖШС 40 адамды жұмыспен қамтыған
Шымкент қаласында Елорда күні мерекесіне орай «KASPY STEEL» ЖШС металл бұйымдарын құю зауытының ашылу рәсімі өтті.
Шымкент, NEGE. Бүгінгі таңда кәсіпорында 40 адам жұмыспен қамтылып, инвестиция көлемі 400 млн теңгені құрады.
Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 1 000 тонналық металл өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді.
Кәсіпорын «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақта орналасқан.