Кәсіпқой боксшы Әбілхан Аманқұл Ұлттық құрамаға қайтып оралды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әбілхан Аманқұл ұлттық командамен жаттығуды бастады.

Әбілхан Аманқұл

Алматы, NEGE. Ол ел чемпионатына қатысуды жоспарлап отыр.

«Мен кәсіпқой бокста өнер көрсеттім. Алайда онда жекпе-жекке шықпадым. Жарты жылға жуық уақыт бойы шаршы алаңға шықпадым. Бірақ дайындықты тоқтатпадым.

Соңғы екі ай бойы демалдым. Қазір құрамамен бірге жаттыға бастадым. Қазақстан чемпионатында өнер көрсетуді жоспарлап отырмын. Ары қарай көре жатармыз», - деді Аманқұл.

Айта кетелік, Аманқұл кәсіпқой бокстан бес жекпе-жекке қатысты. Оның төртеуінде жеңіске жетсе, біреуде қарсыласымен тең түскен.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді