Кәсіпкерлерге POS-терминалдар тегін берілмек

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдері хабарлады.

freepik.com

Астана, NEGE. Бұл стационарлық POS-терминалдар немесе телефонға орнатылатын мобильді POS-қосымшалар болуы мүмкін.

«Шағын бизнесті қолдау мақсатында екінші деңгейлі банктер тарапынан БКМ-мен біріктірілген POS-терминалдарды тегін ұсыну мәселесі шешілді», – делінген ведомство хабарламасында.

Комитет өкілдері Kaspi Bank пен Қазақстан Халық Банкінің POS-терминалдары толыққанды БКМ ретінде жұмыс істеп тұрғанын және штрих-кодтарды сканерлеу функциясымен жабдықталғанын атап өтті.

Жақын арада осындай функциялар Freedom Bank Kazakhstan және Банк ЦентрКредиттің POS-терминалдарында да іске қосылмақ.

Қазір оқып жатыр

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компаниядағы үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді