Кәсіпкерді бопсалаған блогерден 15 млн теңге тәркіленді

Қостанай облысында кәсіпкерден ақша бопсалаған блогер ұсталды. 

ІІ

Алматы, NEGE. ІІМ мәліметінше, блогер Қарабалық ауданында ұсталған. Ол қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды.

Әлеуметтік желілерде әшкерелейтін материалдар жариялаймын деп қорқытып, бопсалау арқылы кәсіпкерден аса ірі мөлшерде ақша талап еткен, – делінген полиция таратқан хабарламада.

Блогерді Қарабалық аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады. Тінту барысында одан 15 млн теңге тәркіленді.

Бопсалау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Естеріңізге сала кетейік, 30 қаңтарда Алматыда 10 млн теңге бопсалады деген күдікпен екі блогер ұсталған. Бұған дейін журналистер бұрын осындай қылмыстар үшін жауапқа тартылған блогерлердің тізімін жинаған.

Қазір оқып жатыр

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты

Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 3 бала қаза тапты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады