Кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаровтың жағдайы жақсарды
Қалалық сот кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаровтың өтінішін қанағаттандырды.
Астана, NEGE. Алматы облысы Алатау қаласы соты 2025 жылғы 9 желтоқсанда Алмас Әбдіғаппаровтың қауіпсіздігі орташа деңгейдегі мекемеден қауіпсіздігі барынша төмен мекемеге ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырды.
«Алматы облыстық сотының апелляциялық сатысының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы қаулысымен бұл қаулы өзгеріссіз қалдырылып, прокурордың жеке өтініші қанағаттандырылмады», – делінген соттың Nege.kz-ке берген жауабында.
Сот актісі заңды күшіне енді.
Еске салсақ, 2022 жылдың шілдесінде Алмас Әбдіғаппаров аса ірі көлемде қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылып, жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Бұған қоса оған бес жылға қаржы институттарында басшылық қызмет атқаруға тыйым салынды.